10/07/2020  Жұма
Лисаков техникалық
колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01
Әріптес кәсіпорындармен корпоративтік ынтымақтастық арқылы кәсіптік оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ететін инновациялық білім беру ортасын құру, ішкі және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, мобильді, кәсіби-құзыретті, жоғары адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.

 

Құрметті достар, сайт қонақтары,
талапкерлер және олардың ата-аналары!

Мен Сіздерді Лисаков техникалық колледжінің
сайтында көруге қуаныштымын!

Колледж Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің Лисаков қаласындағы жалғыз оқу орны болып табылады. Жұмыс кезеңі ішінде 18 мамандық және 26 біліктілік бойынша көптеген мамандар даярланды. Біздің колледждің, колледж педагогтерімен және оның студенттерімен жасалған, ежелден келе жатқан және бай тарихы бар.

Инновациялық-педагогикалық технологиялар мен әдістерді және тұлғалық-бағдарлық көзқарасты меңгеру және енгізу, ТжКБ жүйесін жаңғырту жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін педагогтердің шеберлігін жетілдіру- біздің колледждің басты міндеттерінің бірі.

Біздің колледж болашақ мамандарды даярлау үшін қажетті жағдайлар жасайды. Өте жақсы материалдық база, замануи компьютерлік қамтамасыз етілуі және кабинеттер мен зертханалардың жабдықталуы оқу процесі мен шығармашылық қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыруға көмектеседі.

Колледж қоғамға ашық. Сайттан колледж немен өмір сүретінін білуге, бізбен бірге біздің жетістіктеріміз бен жеңістерімізге қуануға, бізбен бірге қызықты семинарларға, конкурстарға, сабақтарға және тәрбиелік іс-шаралаға қатысуға, ал педагогтерден соңғы педагогикалық идеяларды, олармен бірге педагогикалық кеңестер мен жиындарға қатысуға болады.

Сіздерге осы сайттың беттерінен біздің колледж туралы көбірек білуді ұсынамын. Бізге колледж туралы және сайт туралы Сіздердің пікірлеріңіз бәрібір емес. Өздеріңіздің колледж туралы және сайт туралы пікірлеріңізді қалдырыңыздар. Біз ақылды және қызықты ұсыныстарға және ескертулерге құлақ салуға тырысамыз.

Біздің колледжде оқып, қызмет еткісі келетіндерге біз өте қуаныштымыз және сайтта берілген ақпарат Сіздер үшін пайдалы және қызықты болады деп сенеміз.

Последние новости и мероприятия

Блог руководителя