23/09/2020  Сәрсенбі
Лисаков техникалық
колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01
Әріптес кәсіпорындармен корпоративтік ынтымақтастық арқылы кәсіптік оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ететін инновациялық білім беру ортасын құру, ішкі және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, мобильді, кәсіби-құзыретті, жоғары адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.

2015-2016 оқу жылында «Лисаков техникалық колледжі» МКҚК 2016-2020 жылына арналған даму Бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін іске асырумен жұмыс істеді.

Оқыту күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде 15 мамандық және 19 біліктілік бойынша жүзеге асырылды.

2015-2016 оқу жылының басына білім алушылар контингенті 824 адамды құрады, бұл 2014-2015 оқу жылының деңгейінен 163 адамға (немесе 16,5 %) аз.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша-668 адам оқыды, бұл жалпы саннан 81,1 % құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштен 7,2 % жоғары. Соның ішінде күндізгі бөлімде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын білім алушылар саны – 616 адам (92,2 %), сырттай бөлімде – 52 адам (7,8 %).

Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылардың жалпы санынан 25 адам республикалық бюджетте.

2015-2016 оқу жылында білім алушылар санының төмендеуіне байланысты бөлімдер саны төрттен үшке дейін қысқартылды.

Бөлімдер бойынша білім алушылар контингенті:

- Кен ісі және құрылыс (КІжҚБ) – 327 адам (мемлекеттік тапсырыс бойынша – 298 адам, 91,1 %);

- экономика, информатика, автоматика, сервиса және көлік (ЭИАСжКБ) – 354 адам (мемлекеттік тапсырыс бойынша – 318 адам, 89,8 %);

- сырттай (СБ) – 143 адам (мемлекеттік тапсырыс бойынша – 52 адам, немесе 36,4 %).

2016 жылғы шығару 206 адам құрады, бұл 2015 жылғы шығарудан 154 адамға кем. Соның ішінде күндізгі бөлімде 169 маман шығарылды немесе шығудың жалпы санынан алғанда 82 %, соның ішінде мемтапсырыс бойынша- 155 адам ( күндізгі бөлімде шығарылғандар санынан 91,7 %). Сырттай оқу бөлімінде 37 адам шығарылды, немесе түлектер санынан18 %.

Үздік дипломдарын 12 түлек алды, немесе жалпы шығарудың 5,9 %. Үздік дипломдардың салыстырмалы салмағы өткен жылмен салыстырғанда 1,8 % қысқарды. Күндізгі бөлімде-9, сырттай бөлімде-3 қызыл диплом. Кәсіби дайындық пен біліктілік беру деңгейін бағалауға күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің 204 студенті қатысты. КДДБ растаған түлектер үлесі, қайта тапсыруды есепке алғанда, 100 % құрады. Орташа балл 80,2 тең (бұл өткен жылдың деңгейінен 0,6 балға артық). Бірден тапсырған түлектер үлесі 92,6 % құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 3,3 % жоғары.

2016 жылғы 1 шілдедегі жағдайы бойынша білім алушылар контингенті 578 адамға тең. Соның ішінде күндізгі бөлімде 482 адам, немесе 83,4 %. Сырттай бөлімде 96 адам (16,6 %).

2016 жылдың қабылдау жоспары- 295 адам, соның ішінде мемтапсырыс бойынша 190 адам (64,4 %).

Күндізгі бөлімде қабылдау жоспары- 210 адам, соның ішінде 145 адам мемтапсырыс бойынша ( күндізгі бөлімге қабылдаудың жалпы санынан 69 % ).

Сырттай бөлімде- 85 адам, соның ішінде мемтапсырыс бойынша 45 адам (сырттай бөлімге жоспарланатын қабылдау санынан 53 %).

2015-2016 оқу жылы колледжде білім алушылар контингентінің едәуір төмендеуі жастардың Ресейдің ЖОО мен колледждеріне оқуға кетуіне, сондай-ақ 14-21 жастағы қала тұрғындары санының төмендеуіне байланысты.

01.09.2015ж. білім алушылардың сандық құрамы 824 адамды құрады.

2014-2015 оқу жылы контингент -987 адамды құраса, 2013-2014 оқу жылында-1100 адамды құрады.

2013 жылдан бастап студенттердің сандық құрамы 276 адамға, яғни 25 % қысқарды.Контингенттің төмендеуінің орташа қарқынында өсу беталысы бар, соңғы үш оқу жылы ішінде ол 11 % тең (өткен жылы 9 %).

2016 жылы шығару 11 мамандық және 11 біліктілік бойынша болды. Түлектердің жалпы саны 206 адам, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 154 адамға, немесе 42,8 % кем. Орта буын мамандарын шығару 2015 жылмен салыстырғанда 1,8 есе, 2014 жылмен салыстырғанда 1,9 есе қысқарды. Орта буын мамандарын шығару күндізгі бөлімде де, сырттай бөлімде де едәуір төмендеп, тиісінше 46 және 37 адам құрады. Төмендеудің орташа деңгейі күндізгі бөлімде де, сырттай бөлімде де 65 % тең.

Жұмысшы біліктіліктерін шығарудың да төмендеу беталысы бар: 2015 жылмен салыстырғанда -12 адамға (8,9 %), 2014 жылмен –35 адамға (22,1 %). Мемлекеттік тапсырыс бойынша шығару 157 адамды құрады, бұл соңғы екі жылдың деңгейінен 30,2 % төмен. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің үлес салмағы 76,2 % құрады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдаудың өсуіне байланысты осы көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді.

Үздік дипломдарын 12 түлек алды, бұл өткен оқу жылына қарағанда 16 дипломға (немесе57,1 %) кем.Күндізгі бөлімде – 9, сырттай бөлімде – 3.

Үздік диплом алған түлектердің үлес салмағы өткен жылмен салыстырғанда 1,8 % төмендеді.

ОҚУ КУРСТАРЫ БОЙЫНША ҮЛГЕРІМ МЕН БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ

Оқу курстары бойынша колледж бойынша үлгерім мен сапа көрсеткіштерін бағалау

100 % деңгейдегі үлгерім күндізгі және сырттай бөлімнің үшінші және төртінші курстарда сақталады.

Бірінші курста үлгерім 98,8 %, өсу 1,6 %.

Екінші курста 97,2 %, өсу – 0,7 %.

Білім сапасы бірінші курс топтарында 3,9 % өсіп, 51,3 % құрады, төртінші курс топтарында- 25 % өсті және 74 % тең болды.

Білім сапасы екінші курста 0,6 % төмендеп және 54,9 % құрады, үшінші курста-2,3 % төмендеп 65,4 %. тең болды.

Төмен білім сапасы күндізгі бөлімнің топтарында: ЭГП-14 (5%), ЭМ-15 (14%), ЕжА-15 (15%), ЭМ-14.2 (19%). Сапаның жеткіліксіз көрсеткіші келесі топтарда: АТС-15 (25%), ПІ-15 (27%), АО-15 (27%).

Күндізгі бөлім

- Орта буын мамандары

2015 жылмен салыстырғанда бірінші курста үлгерімнің 0,5 % өсуі байқалады, 97,8 %тең. Үшінші және төртінші курстарда үлгерім көрсеткіші 100 % деңгейде сақталады. Екінші курста үлгерім 2,8 % төмендеп, 97,2 % тең болды.

Білім сапасы бірінші, екінші және төртінші курстарда өсіп 10,5 %, 5,3 %, 39 % өсіп, тиісінше 47 %, 67,3 %, 74 % құрады.

Үшінші курста дайындықтың сапалық көрсеткіші 10,3 % қысқарыды және 64,7 % тең болды.

- Жұмысшы біліктіліктері бойынша абсолюттік үлгерім өткен жылдың көрсеткішінен 0,4 % жоғары және 98,7 % тең. Білім сапасының шамалы 2,3 % өсу беталысы бар және 38,4 %құрайды.

Бірінші курста ағымдағы оқу жылы 2015 және 2014 жылдармен салыстырғанда 9 сынып негізіндегі топтарда білім сапасы тиісінше 5,1 % және 16,7 % өсті және 37,7 %құрады.Үлгерім 2015 жылға қарағанда 1,9 % , 2014 жылға қарағанда 3,3 % өсіп, 98,7 %құрады.

Төмен сапа 11 негізінде білім алатын топтарда(10 ай– ЭМ-15), барлығы14 %, бірақ үлгерім 100 %құрады.

Екінші курста білім сапасы 2016 жылы 2015 жылға қарағанда 4,95 % төмендеді, бірақ 2014 жылға қарағанда 7,25 % өсті және 29,25 %құрады.Үлгерім өткен екі жыл деңгейінде қалады– 97 %. Алайда 2015 жылға қарағанда шамалы өсу бар 0,35 %.

Үшінші курста аралық үлгерім өткен жылдар деңгейінде сақталады- 100 %.Білім сапасы51%құрады, бұл 2015 жылдың деңгейінен 9,3 %жоғары, бірақ 2014 жылдың деңгейінен 1 %төмен.

Сырттай бөлімде абсолюттік үлгерімнің тұрақты өсу беталысы бар. 2014-2015 оқу жылмен салыстырғанда үлгерім 4,05 % өсті және 99,25 % құрады. 2012-2013 оқу жылына қарағанда үлгерімнің өсуі 7,95 % құрады.

Бірінші курста үлгерім 100 % құрады, бұл 2015 және 2014 жылдардың деңгейінен тиісінше 8 % және 17 % жоғары.

Екінші курста сапалық үлгерім 97,75 % құрады, бұл 2015 және 2014 жылдардың көрсеткішінен тиісінше 4,25 % және 6,75 % артық.

Үшінші курста үлгерім үш жыл бойы тұрақты және 100 % құрайды.

Білім сапасы сырттай бөлімде соңғы үш жылда аралық аттестаттау бойынша тұрақсыз. 2016 жылы 2015 жылға қарағанда сапа 13 % қысқарды және 74,2 % құрады. 2014 жылдың деңгейіне қарағанда сапалық көрсеткіш 7,5 % өсті.

Ағымдағы оқу жылында сырттай бөлімнің барлық оқу курстарында сапалық көрсеткіштің төмендеуі байқалады.

Осылайша, бірінші курста білім сапасы аралық аттестаттау қорытындылары бойынша өткен жылдың деңгейінен 2,5 % төмен және 74,5 % тең.

Екінші курста сапалық көрсеткіштің 2015 жылдың деңгейіне төмендеуі 23,7 % құрайды, сапа 67,5 %, 2014 жылға қарағанда төмендеу 11,5 % құрайды.

Сырттай бөлімнің үшінші курсында білім сапасы 80,5 % құрады, 2015 жылдың деңгейінен 12,8 % , 2014 жылдың деңгейінен 9,6 % төмен.

Последние новости и мероприятия

Блог руководителя