18/02/2020  Сейсенбі
Лисаков техникалық
колледжі
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

Лисаков техникалық колледжінің ғылыми-әдістемелік жұмысы- оқу процесінің инновациялық проблемаларын шешу және педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру арқылы білім беру сапасын қамтамасы етуге мүмкіндік туғызатын колледж басшыларының, оқытушыларының, өндірістік оқыту шеберлері мен құрылымдық бөлімшелерінің бірлескен қызметінің ашық, көп деңгейлі, көп қызметті жүйесі.

Колледждің ғылыми-әдістемелік жұмысын басқару:

· білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге қажетті педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру;

· оқу орнының білім беру бағдарламасын іске асырудың бағдарламалық-әдістемелік қостауларын жетілдіру;

· колледждегі білім беру процесінің инновациялық дамуына ғылыми-әдістемелік көмек беру.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс оқытушылар мен ө/о шеберлерінде қажетті ептілікті дамытады: бақылау және өзін-өзі бақылау,диагностика және өзіндік диагностика, өз қызметіне баға беру, кәсіби қиыншылықтардан шығу жолын табу ептілігі.

Колледждің әдістемелік жұмысының ең тиімді түрлері:

· педагогикалық кеңестер;

· әдістемелік кеңестер;

· ПШМ, КӨМ, ІИМ сабақтар;

· семинарлар, семинар-практикумдар(оқыту семинарлары), нұсқаулық-әдістемелік кеңестер;

· әдістемелік онкүндіктер ұйымдастыру;

· әдістемелік консультациялар;

· психолого-педагогикалық практикумдар;

· сауалнамалар,

· әдістемелік көрмелер;

· ЦӘК отырыстары, пәндік циклдік апталар, ЦӘК төрайымдарымен отырыстар;

· баяндамалар, сөз сөйлеулер

· шебер сыныптары.

2015-2016 оқу жылындаколледж мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұжырымдалған және әлеуметтік серіктестер қажеттілігі мен оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің қызметін жетілдіру арқылы болашақ мамандарды даярлау сапасын жақсарту бағдарламалық мақсаты болып саналатын, жоғары білікті мамандарды даярлаудың факторы ретінде оқыту процесінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етуін жаңартуға бағытталған 2011-2015 жылдарға арналған әдістемелік тақырыптың жұмыс Бағдарламасын есепке алып өз жұмысын жалғастырды. Сондай-ақ, 2016-2019 жылдарға арналған колледждің даму Бағдарламасы әзірленді. Әдістемелік тақырыппен жұмыс Бағдарламасы да жаңартылды.

Ағымдағы жылда 2013-2016жж. кезеңіне арналған ғылыми-зерттеу жұмыс Бағдарламасы бойынша жұмыс жалғастырылды. Бұл бағдарлама ғылыми-зерттеу қызметі саласында методологиялық мәдениеттің дамуына, колледж педагогтері мен білім алушылардың белсенді зерттеу позициясын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, 2016 жылы екі бағдарлама қосымша бекітілді «Дарынды студенттер» және ««Қайнар»студенттік ғылыми қоғам бағдарламасы».

2013-2014 оқу жылынан бастап, Білім басқармасының бұйрығына сәйкес, колледж дуалдық оқытуды енгізудің эксперименттік алаңы болып табылады. Осы эксперименттің шеңберінде «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК дуалдық оқыту жүйесін енгізу бойынша эксперименттік бағдарламасы» әзірленді және бекітілді, оның негізгі мақсаты мамандарды даярлау сапасын және алған біліктіліктері бойынша оларды жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру. Эксперимент 1414000 «Жиһаз өндірісі» мамандығы, 1414012- «Жиһаз жинақтаушы» біліктілігі бойынша жүзеге асырылды. Осы жылы эксперименттің 3-кезеңі аяқталды, эксперимент шеңберіндегі жұмыстың қорытындылары жасалды және болашаққа жоспарлар қойылды.

Педагогикалық кеңес және әдістемелік кеңестер- педагог қызметкерлердің үнемі әрекеттегі алқалы өзін- өзі басқару органдары.

Осы оқу жылында 4 тақырыптық педкеңес өткізілді:

- «Құзыреттілік көзқарас жағдайында техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңарту және жаңғырту»;

-«2015-2016 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша оқу-тәрбие процесінің қорытындылары»;

- Педсовет-практикум«Жағдайы нашар отбасы: тиімді өзара қатынас жолдары мен іздестірулері»;

- «2015-2016 оқу жылының оқу-тәрбие процесінің қорытындылары. Білім алушыларды оқытудың келесі курсына көшіру».2016-2017 оқу жылына арналған міндеттер».

Жыл ішінде, оқу жылының басында бекітілген жоспарға сәйкес, әдіскеңестің 5 отырысы өткізілді. Отырыстарда келесі сұрақтар қарастырылды: ішкі нормативтік құжаттарды қарастыру, колледжішілік бақылау материалдарын талдау, Бағдарламаларды, конкурс Ережелерін, Әдістемелік ұсынымдарды, инновациялық материалдарды, құрылымдық бөлімшелердің есептерін қарау және бекіту, баяндамалар тыңдау және т.б.

2 дөңгелек үстел өткізілді: «Курстық және дипломдық жобалау: проблемалары және болашағы» және жоспардан тыс «Дуалдық оқытуды ұйымдастыру туралы» колледждің әлеуметтік серіктестерінің қатысуымен, бұл жерде әкімшілік, колледж педагогтері және әлеуметтік серіктестер дуалдық оқытуды енгізу шеңберінде әрі қарай ынтымақтасу сұрақтарын шешті.

Ағымдағы оқу жылында әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық буыны болып саналатын циклдік әдістемелік комиссиялардың электрондық оқу-әдістемелік кешенін жасау бойынша, оқу орнының әдістемелік базасын жүйелеу бойынша да жұмыс жалғастырылды.Ағымдағы жылы ЦӘК электрондық базасының күйі «Үздік ЦӘК» колледжішілік конкурсының критерийлерінің бірі болды.

Кемшіліктерді жою және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру қазіргі кезеңде колледждің басым бағыттарының бірі болып саналады.

Бес жыл бойы «Қайнар» ОҒҚ жұмысының шеңберінде «Желтоқсан оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі. Өңірлік ғылыми-практикалық конференцияға Лисаков, Жітіқара қалаларының, Қамысты және Таран аудандары мектептерінің 9-11 сынып оқушылары, Тобыл кәсіптік-техникалық колледжінің, Денисов кәсіптік-техникалық колледжінің, жітіқара политехникалық колледжінің және Лисаков техникалық колледжінің 1-2 курс студенттері қатысты. Барлығы конференция жұмысына 29 оқу орны қатысты (25 мектеп және 4 колледж).

Ағымдағы оқу жылы республикалық, облыстық, сондай-ақ колледж деңгейіндегі түрлі педагогикалық шеберлік конкурстарына толы болды. «Үздік педагог» Республикалық конкурсының облыстық кезеңіне ОӘЖ жөніндегі директордың орынбасары, қазақ тілінің оқытушысы Г.М.Өтегенованың жұмыс тәжірибесінен материалдар жіберілді

Ө/о шеберлері Елкина Н.С. жәнеҚұшманов Д.Х. «Жыл шебері-2015» облыстық конкурсына қатысып, Елкина Н.С. 1-орынды жеңіп алды. Конкурс әділқазылары шеберлердің тәрбиеленушілерімен бірігіп орындаған көрменің сапасы мен сонылығын атап өтті.

ОӘЖ жөніндегі директордың орынбасары Г.М.Өтегенова және әдіскабинет меңгерушісі М.М.Кононенко Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Білімдегі инновациялар мен тәжірибелер: уақыт талабы» тақырыбы бойынша педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінде 1-орынды және республикалық кезеңінде «Болашаққа қадам» номинациясын жеңіп алды.

Ағымдағы оқу жылы Киль П.П. «Замануи тәрбиелеу жүйелері» және «Білім алушылардың білімдерін бақылаудың және бағалаудың дәстүрлі және инновациялық жүйелері» тақырыптары бойынша ресейлік білім беру порталындағы онлайн-олимпиадаларда 1 және 2- орындар алды.

Педагогтер Сотникова Е.В., Артықбаева Г.М., Викторова Н.М., Миниахметова Н.Г. «Үздік интерактивті сабақ» республикалық конкурсына қатысқаны үшін сертификаттар алды.

Білім алушылар оқытушылардың жетекшілік етуімен «Мен мамандықты таңдаймын» Республикалық қашықтықтан интернет –конкурсына қатысып, сертификаттарға ие болды.

Сондай-ақ, студенттержаңа форматтағы кәсіби шеберлік конкурстарына белсенді қатысты. «Пісіру технологиялары» құзыреті бойынша кәсіби шеберлік конкурсының WORLDSKILLS өңірлік чемпионатының облыстық кезеңінде ЭГП-13 тобының білім алушысы Батуро Иван 3-орын алды (педагогтері: Мельник А.Н., Щетина А.В.), сертификат иегерлері: «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреті бойынша- ЭлМ-13 тобының студенті Борисов Сергей (Удовик В.А.); «Веб-әзірлеме» құзыреті бойынша- ЕТБҚ-13 тобының студенті Азелханов Ильяс (Викторова Н.М.). Колледж педагогтері Удовик В.А., Щетина А.В., Викторова Н.М. WORLDSKILLS өңірлік чемпионатын өткізу барысында сарапшылар болып, сертификаттарға ие болды.

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің құрылуының 75 жылдығына арналған Қостанай облысының колледж мұражайларының байқау-конкурсында колледж командасы (Пидкоша Марина, Азелханов Ильяс, Кригер Артур, Мельник Иван, Байсекенова Эльмира)

2-орынға ие болды. Команданы дайындағандар: Хайруллина С.М., Өтегенова Г.М.,

Кононенко М.М.

ЕТБҚ-13 тобының студенті Белоус Дарья(жетекшісі: Викторова Н.М.) «Экстремизм мен лаңкестікке-жоқ дейміз» бейнероликтердің облыстық конкурсында 3-орын алды. Колледж студенттері жыл сайын қалалық конкурстарға да қатысады. АжБ-14 тобының студенті Достуев Элшен (жет.: Мурзагалиева К.З.) «Біз қазақ тілін үйренеміз!» конкурсында 1-орын алды. ХР-14 тобының студенті Воложенина Антонина (жет.: Байменова Т.И., Орунханова Г.Д.) «Тілдарын» қазақ тілі және ағылшын тілдері бойынша қалалық олимпиадада 3-орын алса, ал АТҚК-14 тобының студенті Ткачев Даниил (жет.: Болтушенко Г.П., Өтегенова Г.М.) алғыс хатымен марапатталды.

Оқу жылының ішінде колледжде «Үздік ЦӘК» конкурсы, «Дуалдық оқыту жүйесі жағдайында мамандықтардың даму болашағы» жобалар конкурсы, «Менің педагогикалық технологиям»буктрейлерлер конкурсы және «Табыс аптасы» өткізілді.

«Үздік ЦӘК» конкурсына барлық циклдік комиссиялар қатысты. Талдау жасай отыра конкурс жақсы деңгейде өтті, практикалық бағыты бар, ЦӘК төрайымдары мен мүшелері комиссия жұмысын барлық бағыттар бойынша көрсете білді деген тұжырымдама жасауға болады. Барлық комиссиялар конкурстық іс-шараларға шығармашылықпен қарады. Бірақ, комиссия мүшелерінің кейбірлеулері өз рейтингтік көрсеткіштерін көтермегеніне назар аудару керек, бұл барлығы да жыл ішінде конкурстық іс-шараға қатысса да конкурс нәтижелеріне өз әсерін тигізді. ЦӘК материалдарының электрондық базасын жүйелеумен төрайымдардың бәрі бірдей айналыспайды.

ЦӘК арасында «Үздік ЦӘК» конкурсында жаратылыстану-ғылыми пәндер ЦӘК жеңімпаз атанды (төрайымы: Вайрих И.А.; 1112,18 балл), 2-орын–филологиялық пәндер ЦӘК (төрайымы Байтұрсынова А.Ж; 821,45 балл), 3-орын – құрылыс пәндері, машиналар және жабдық ЦӘК (төрайымы: Ширшова Л.Е.; 792,96 балл), 4-орын – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер ЦӘК (төрайымы: Мурзакулова А.К.; 783,45 балл.), 5-орын–кен және электротехникалық пәндер ЦӘК (төрайымы: Фатхудинова И.В.; 769,83 балл), 6-орын – экономикалық пәндер және қызмет көрсету саласы ЦӘК (төрайымы: Гибадетдинова Н.В.; 759,79 балл).

«Дуалдық оқыту жүйесі жағдайында мамандықтардың даму болашағы» конкурсына 4 педагог қатысты, олар жаңа дуалдық оқыту жүйесін енгізу жағдайында мамандықтардың даму болашағын өздері қалай көретінін ұсынды. Ұсынылған жұмыстар қызықты, іс жүзінде маңызды болды. Конкурс қорытындысы бойынша «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының дамуы туралы жобаны ұсынған Гибадетдинова Н.В., Деркач И.Д. 1-орын алды. Ширшова Л.Е. «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша жобасымен 2-орын алды. 3-орынды «Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу» мамандығы бойынша жобаны ұсынған Фатхудинова И.В. алды. Осы форматтағы конкурсты өткізу келесі оқу жылында да жалғастырылады. Бұдан әрі конкурсқа қатысушылармен материалды тапсыру мерзімі сақталып; ЦӘК мүшелеріне осы форматтағы конкурстарға белсенді қатысу керек.

«Менің педагогикалық технологиям» буктрейлерлер конкурсына 5 педагог қатысты. Орындар былайша бөлінді: 1-орын- Мурзакулова А.Қ., 2-орын – Байменова Т.И., 3-орын – Миниахметова Н.Г., 4-орын – Вайрих И.А., 5-орын– Байтұрсынова А.Ж. Жалпы конкурс жақсы деңгейде өтті, ұсынылған материал қызықты болды. Бірақ қатысушылар өз жұмыстарында буктрейлерлер мазмұнын берген жоқ, сондықтан буктрейлер емес, оқыту әдістемелері мен технологияларының презентациялары және пайдаланатын технология мен әдістемелер туралы баяндамалар ұсынылды. Әрі қарай педагогтерге өз бетінше білім алуға және педагогика мен әдістемедегі инновациялық өзгерістерді зерделеуге назар аудару қажет.

Бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде бастаушы педагогтер үшін «Табыс аптасы» конкурсы өткізіледі. Осы жылы бастаушы педагогтермен жұмыс жаңадан ұйымдастырылған кәсіби өсу Мектебі (КӨМ) шеңберінде өткізілді, оған санаты жоқ және екінші біліктілік санаты бар педагогтер кірді. «Табыс аптасы»конкурсы КӨМ оқытудың қорытынды кезеңі ретінде өтті. «Табыс аптасы»конкурсына бірінші және жоғары біліктілік санаты бар педагогтер де қатысты, олар КӨМ мүшелеріне арналған сабақтар өткізіп, олардың сабаққа қатысқандарына бағалады.Конкурсқа 20 адам қатысты.«Табыс аптасы»қорытындысы бойынша 1-орын– Гибадетдинова Н.В., 2-орын-Кириллова Т.В., Боранбаева К.Б.; 3-орын – Сотникова Е.В. және Мельникова Т.Л. Номинацияға ие болғандар: Викторова Н.М., Гаенко Т.И., Кокотов А.С., Деркач И.Д., Мельник А.Н.Жалпы «Табыс аптасы»кәсіби конкурсы КӨМ мүшелері өз кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқыту және тәрбие әдістемелері мен тәсілдерін тануға қызығушылық білдіретінін көрсетті. КӨМ 20 қатысушысының 1 педагогі конкурсқа қатысқан жоқ- ө/о шебері Елкина Н.С.

Жалпы конкурс жақсы деңгейде өтті, өткен жылмен салыстырғанда қатысушылардың белсенділігі байқалды. Өздерін белсенді көрсеткен педагогтер: Кириллова Т.В., Гибадетдинова Н.В., Боранбаева К.Б., Викторова Н.М., Сотникова Е.В., Мельникова Т.Л., Деркач И.Д., Мельник А.Н., Кокотов А.С. Алайда әлі де «өңделмеген» және бекітілмеген педагогикалық білім және дағдылар бар. Осыған байланысты КӨМ қатысушыларына келесі оқу жылында:

- оқу семинарларын және тәжірибелі педагогтедің сабақтарына барып өз кәсіби деңгейін арттыру;

-КӨМ шеңберіндегі барлық іс-шараларға және білімдерін арттыруды қамтамасыз ететін іс-шараларға қатысу;

- өз бетінше білім алумен белсенді айналысу қажет.

Ағымдағы оқу жылында педагогтер конкурстарға қатысуға белсенділік көрсеткенін айта кету керек. Өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша аналитикалық анықтамалар жасалды.Төрайымдар ЦӘК отырыстарында конкурс нәтижелеріне талдау жасап, осы ұсынымдарды жұмыста есепке алсын.

Сондай-ақ, колледж педагогтері мен ө/о шеберлері және әкімшілік семинарлар мен іс-шаралардың белсенді қатысушылары, педагогикалық ұжымға және колледж студенттеріне арналған түрлі іс-шараларды өткізеді.

Колледж директоры Будкевич Г.В. «Кәсіптік білім беру және бизнес: серіктестер диалогы» Халықаралық форумының және Астана қ. «ТжКБ жаңғырту» дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Өтегенова Г.М. қаланың білім қызметкерлерінің қалалық тамыз кеңесінде «Құзыреттілік көзқарас мектеп және колледж арасындағы әлеуметтік серіктестік жүйесін дамытудағы инновавциялық негіз» баяндамасымен сөз сөйледі.

Кононенко М.М. on-line режімінде Қостанай облысының білім қызметкерлерінің қалалық тамыз кеңесінде «Актуальные проблемы научно –методического сопровождения образования в организациях ТиПО в условиях его обновления» баяндамасымен сөз сөйледі.

Өтегенова Г.М. «Жыл әдіскері» облыстық конкурсына әділқазы ретінде шақырылды.

Кононенко М.М. және Өтегенова Г.М. «Колледжің ғылыми-әдістемелік жұмысын жоспарлау технологиясы» облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысына қатысты.

Өтегенова Г.М., Жұматаева Г.А. техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру мекемелерінің гуманитарлық және филологиялық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысына қатысты.

Сүлейменова Қ.Қ., Аухатова Р.Ж., Байменова Т.И., Мурзагалиева К.З. «Мәңгілік Ел» жалпықазақстандық диктантты жазуға қатысты, соның қорытындысы бойынша оқытушылар Сүлейменова Қ.Қ., Аухатова Р.Ж., Байменова Т.И. және білім алушылар Тлектес Бауржан (АҚ-15 тобы), Әубәкір Ержан ( ЭМ-14.1 тобы) «Лисаков қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ алғыс хатымен марапатталды.

Киль П.П. mega-talant.com. жобасынан «Готовим профессиональное портфолио педагога» вебинарға қатысты

ЖҒП ЦӘК оқытушыларыВикторова Н.М., Миниахметова Н.Г., Вайрих И.А., Кононенко М.М. «Ақылды болу сәнді!» интеллектуалды ойының өткізді.

ӘГП ЦӘК оқытушылары «Зарница» әскери-спорт ойының өткізді.

ПедагогтерӨтегенова Г.М., Кононенко М.М., Мурзакулова А.К., Мельникова Т.Л., Гибадетдинова Н.В., Киль П.П., Миниахметова Н.Г. http:infourok.ru. қашықтықтан білім беру порталында жеке сайттарын жасады

Педагогтер баспа қызметінде де белсенді болды. Барлығы ағымдағы жылы түрлі әдістемелік басылымдар мен конференция материалдарында 113 жұмыс жарияланды. Түрлі қашықтықтан білім беру порталдарымен белсенді ынтымақтастық байқалады, онда 84 жұмыс жарияланды. Педагогтер әдістемелік материалдардың жарияланымын растайтын Қашықтықтан білім беру порталдарының куәліктерін алды. Халықаралық конференция материалдарында 11 баяндама жарияланды; облыстық – 16, республикалық-1; «Лисаковская новь» қалалық газетінде-1. Осы бағытта белсенді жұмыс жүргізетіндер: Болтушенко Г.П., Миниахметова Н.Г., Өтегенова Г.М., Кононенко М.М., Мурзакулова А.К., Киль П.П., Мельникова Т.Л., Гибадетдинова Н.В., Сенчева Л.А.

Колледж оқытушылары авторлық құралдарды жасау және оларды оқу процесінде белсенді пайдалану бойынша жұмысты жалғастыруда. Соңғы 2 жылда материалдарды ҚР Кітап палатасына қарауға беруде белсенділік байқалады. Ағымдағы оқу жылында 8 жұмысқа ISBN Кітаптың халықаралық стандартты нөмірі берілді, жұмыстардың авторларыкелесі педагогтер: Артықбаева Ғ.М., Викторова Н.М., Фатхудинова И.В., Корсун Е.П., Елкина Н.В., Құшманов Д.Х., Сотникова Н.В., Гибадетдинова Н.В., Байменова Т.И., Мельникова Т.Л. Ағымдағы жылы «Желтоқсан оқулары-2015» Өңірлік ҒПК материалдар жинағына ISBN нөмірі берілді, оны әзірлеушілер Будкевич Г.В., Өтегенова Г.М., Кононенко М.М., Гурина М.Р., Артықбаева Ғ.М., Потянова И.А.

Колледж педагогтері оқыту процесінде білім беру процесін жеделдетуді қамтамасыз ететін қазіргі педагогикалық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді пайдалануға үлкен көңіл бөледі. Қызметінің нәтижелерін ашық оқу сабақтарында көрсетеді. Жыл сайын оқу орнында педтехнологияларды қолдану бойынша педагогтердің диагностикасы өткізіледі.

ЦӘК төрайымдарымен дайындалған диагностикалық карталар мәліметтеріне сәйкес оқу орнының педагогтерімен оқытудың түрлі технологиялары мен әдістемелері қолданылады, бұл педагогтердің кәсіби өзін-өзі жетілдіруі, өсуі және пәнді оқыту әдістемесін жетілдіруге қызығушылығын растайды.

Оқытушылар мен ө/о шеберлері 2015-2016 оқу жылында практикада оқытудың 23 технологиясы мен әдістемелерін қолданады.Олардың ішінде жеке тұлғалы-бағдарлы, проблемалық, ынтымақтастық технологиясына, жоба, АКТ технологиясына қызығушылық зор. RWST технологиясы -2 (Галюк Г.М., Мурзакулова А.Қ., ), Блумтаксономиясы -18(соның ішінде практикада - 6 педагог қолданылады деп көрсетілген) бойынша сертификаттар бар.Интерактивті оқыту технологиясы бойынша сертификаттар да бар – 24 педагог, қолданатындар 2 педагог. 1 педагог тәжірибесінде деңгейлік бағдарламалардың жеті модулінің интеграциясын қолданады, 3-деңгей сертификаты бар (Мельникова Т.Л.).

Келесі оқу жылында оқу процесіне оқыту технологиялары мен әдістемелерін енгізу бойынша жұмысты жалғастыру және колледжішілік конкурстарды және басқа іс-шараларды өткізу арқылы педтехнологияларды қолдану бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылау жөнінде педагогтердің жұмысын жеделдету қажет.

Барлығы ағымдағы оқу жылында жоспарланған 6 сабақтың 4-уі өткізілді, соның ішінде 3 бинарлық (полинарлық) сабақ колледж деңгейінде аттестаттау шеңберінде. Харьковская Н.П. және Сотникова Е.В., Удовик В.А. және Фатхудинова И.В. бинарлық сабақтары өткізілген жоқ.Жалпы ашық сабақтардың талдауы оларды өткізу оқытушылардың біліктілік деңгейіне сәйкес екекнін көрсетті. Сабаққа қатысқандардың ұсынымдары: өз бетімен білім алуды жалғастыру, сабақтың уақыт регламентін бақылау, электрондық қостауға көңіл бөлу (презентацияның, бейнематериалдардың бар болуы және олардың эстетикалық ресімделуі). Педагогтерге сабақтарды жоспарлау барысында мақсатты тұжырымдау пән ерекшелігіне сәйкес болуын қамтамасыз ету.Оқытушылармен кейде ашық сабақтарды өткізу кестесінің және сабақ жоспарының уақытында дайындалуысақталмағанын, оның әдістемелік кабинетімен келіспегенін, сондай-ақ сабақ мақсаттарының қажетті деңгейде орындалуына көңіл бөмегенін айта кету керек. Бұдан әрі мақсаттың және тапсырмаларды анық қойылуына назар аудару, ұйымдастыру кезеңін анық және түсінікті өткізу (бағалау критерийлерін айту). Сондай-ақ, біріктірілген сабақтар өткізу тәжірибесін жалғастыру. Е.П.Корсунның, Л.Е.Ширшованың, Л.А.Сенчеваның сабақтары ескертусіз өткізілді. ЦӘК төрайымдарына ашық сабақтар өткізу кестесінің сақталуына, ЦӘК мүшелерімен сабақ жоспарларының уақытында дайындалуына бақылауды күшейту. Педагогтерге сабақ жоспары бойынша колледждің әдістемелік қызметінен кеңес алу және сабақты өткізуді ыңғайлы уақытқа жоспарлау.

Педагогикалық құраммен бақылау-түзету жұмысы дәстүрлі түрде нұсқаулық-әдістемелік кеңестер, бөлім кеңестері түрінде өткізілді. Барлығы жыл ішінде 10 нұсқаулық-әдістемелік кеңес өткізілді, хаттамалары бар. Күн тәртібіне қызметтің түрлі бағыттағы сұрақтар қойылды: ғылыми-әдістемелік, оқу-тәрбиелік, жедел-басқару, психологиялық-педагогикалық практика. 10 бөлім кеңесі өткізілді, қарастырылған сұрақтар отырыс хаттамаларына жазылып алынды.

Колледж семинарларынан басқа педагогтер облыстық және қалалық семинарларға да қатысты.Сондай-ақ, колледж педагогтері осы жылы облыстық деңгейде шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізуге шақырылды.

Оқытушы Байтұрсынова А.Ж. «Қазақ тілін оқытуда жетістіктер мен жаңа технологияларды пайдалану» қалалық семинарының жұмысына қатысты және қала ұйымдарының қызметкерлері үшін «Ресми құжаттарды аудару және ресімдеу ерекшеліктері» оқыту семинарын өткізді.

Потянова И.А. Қостанай облысының «Возрождение» Неміс мәдени орталығының атынан Қостанай қ. шетел тілдерін оқыту әдістемесі және дидактикасы бойынша оқыту семинарына қатысты.

Кононенко М.М. жәнеӨтегенова Г.М. «Өндірістік оқытудың замануи сабағын ұйымдастырудағы жаңа көзқарастар» облыстық семинар шеңберінде Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің және Федоров ауылшаруашылық колледжінің негізінде «Өндірістік оқыту сабағын талдау» тақырыбы бойынша ө/о шеберлеріне арналған 2 шебер сыныбын өткізді және «Өндірістік оқыту сабағы бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру факторы» қызмет көрсету саласы ө/о шеберлерінің оқу-әдістемелік бірлестігі шеңберіндегі облыстық семинардың жұмысына қатысты.

Сачавская Т.Н. облыстық оқыту семинарларына қатысты:«Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі бақылау» және «ҚР аккредиттеу және рейтингінің Ұлттық агенттігі».

Озық педагогикалық тәжірибемен жұмыс- ғылыми-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарының бірі, өйткені ол педагогикалық және басқарушы кадрлардың біліктілігін арттырудың икемді және тиімді жүйесін жасауды қамтамасыз етеді. Негізгі мақсаты-білім беру сапасын арттыру.Педкадрлардың кәсіби біліктілік деңгейін жетілдіру, білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу жұмыстың нәтижесі болып саналады. Осы бағытта Педагогикалық шеберлік мектебі (ПШМ) өз жұмысын жүргізеді.

Педагогикалық шеберлік мектебі жұмысының шеңберінде колледж педагогтері оқу-тәрбие процесінің проблемаларын зерттейді, инновациялық әдістер мен тәсілдерді зерделейді.Жыл ішінде келесі сабақтар өткізілді: «ПШМ қызметі туралы ұйымдастыру семинары.Табыс уәждемесі және сәтсіздіктен қорқу» (Өтегенова Г.М., Сенчева Л.А., әдістемелік қызмет); «В гармонии с собой» (Сенчева Л.А.); «Кәсіптік стандарт негізінде модульдік бағдарламалд құрастыру» (Харьковская Н.П.); «Әдістемелік идеялар жәрмеңкесі» және«ПШМ жұмыс қорытындысын жасау» (Өтегенова Г.М., Кононенко М.М.).Ағымдағы жылы бірінші рет 1 және жоғары біліктілік санатына аттестатталатын педагогтердің жұмыс тәжірибесі жалпыланды (Сотникова Е.В., Сачавская Т.Н., Корсун Е.П., Байменова Т.И., Гибадетдинова Н.В.). Бұл семинар «Педагогикалық тәжірибе – педагогтің шығармашылық дәулеті» тақырыбымен өткізілді. Ө/о шеберлері Құшманов Д.Х., Елкина Н.С өздерінің жұмыс тәжірибелерін «Жыл шебері-2015» облыстық конкурс шеңберінде жалпылады.

Ағымдағы оқу жылынан бастап бірінші біліктілік санаты бар педагогтерге арналған шығармашылық Мектеп- Іздестіру және инновация Мектебі (ІИМ) өз жұмысын бастады, оның шеңберінде колледж педагогтері оқыту семинарларын және шебер сыныптарын өткізді.

Кононенко М.М. ІИМ қызметі туралы ұйымдастыру семинарын өткізді. Педагог- психолог Сенчева Л.А. «Конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. Әлеуметтік педагог Сименчук Л.В. «Өзара қатынас мәдениеті» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. «Жеке және кәсіби даму және өздігінен даму» - Потянова И.А. және Артықбаева Ғ.М. «Әдістемелік идеялар жәрмеңкесі»сабағы ІИМ қатысушыларын шақырумен ПШМ өткізілді, мұнда әрбір ЦӘК практикалық қызметінде пайдаланатын инновациялық әдістер мен тәсілдерді ұсынды.

Жас педагогикалық кадрлармен жұмыс колледждің жалпы жұмыс жоспары, әдістемелік жұмыс жоспары негізінде, колледждің және олар кіретін циклдік комиссиясының әдістемелік проблемасының орындалуын қамтамасыз ететін мақсаттарға және міндеттерге сәйкес құрылады.Жұмыстың негізгі нысандары:

- өз қызметін тиісті ереже негізінде жүзеге асыратын кәсіби өсу Мектебі;

- тәлімгерлік;

- жеке кеңес беру, сөйлесу;

- сабақтарға бару (ескерту бақылау);

- «Табыс аптасы» шеңберіндегі конкурстық іс-шаралар.

Кәсіби өсу мектебі педагогикалық шеберлікті арттырудың ықпалды нысаны. Мектеп сабақтарында кәсіби педагогтер жастарға өз тәжірибесін көрсетеді, оларды жұмыстың жаңа әдістемелерімен, қатынас мәдениетімен, сабақты өткізу әдістемесімен таныстырады, психологиялық кедергілерден өтуге үйретеді.

Ағымдағы жылы кәсіби өсу Мектебіндегі (КӨМ) сабақтар мазмұны бойынша қызықты болды. «КӨМ қызметі туралы ұйымдастыру семинары» және «Студенттердің танымдық қызметін ұйымдастыру нысандары» әдіскер Гурина М.М. және педагог Мурзакулова А.Қ. өткізді. Оқытушылар Галюк Г.М. және Мурзакулова А.Қ. «Педагогикалық табыс:сабақ және оның құрамы» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. Әлеуметтік педагог Сименчук Л.В. «Алғашқы қадамдар немесе сәтті бастауға көмектесетін бірнеше кеңестер» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. «Уәждеме мансабы жоғарлау факторы» сабағын ө/о шебері Мурзахметова Т.А. және оқытушы Гибадетдинова Н.В. өткізді. «Табыс аптасы» конкурсы шеңберінде оқыту семинарлары және шебер сыныптары өткізілді, конкурс нәтижелері оларға белсенді қатысуға байланысты болды. Апта ішінде келесі сабақтар өткізілді: «Өзіңе сен» (Сенчева Л.А.), «Кедергілерді еңсеру жолдары» (Вайрих И.А.), «Емдік педагогиканың тәсілдері мен принциптері» (Галюк Г.М.), «Жеке және кәсіби даму және өздігінен даму» (Потянова И.А., Артыкбаева Г.М.), «Табысқа жол» (Өтегенова Г.М., Кононенко М.М.)

Психологиялық-педагогикалық практикумдар педагогикалық ұжымның психологиялық климатының диагностикасы өткізілетін жұмыстың ұжымдық түрлерінің бірі, онда түрлі тренингтер өткізіледі, әріптестерімен және білім алушылармен қарым-қатынастар жөнінде кеңестер беріледі. Осы жұмысты әлеуметтік педагог Сименчук Л.В. және педагог-психолог Сенчева Л.А. жүргізеді. Барлығы төрт практикум өткізілді. Практикумдар тақырыбы алуан түрлі:«Іске сәт», «Отбасында балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік проблема», «Сөйлеу-жетілгендік негізі», «Қатынасу механизмдері. Қатынасу кезінде өзінді және басқа адамды басқару».

Осы жылы Халық педагогика мектебінде сабақтар өткізу бойынша жұмыс жалғастырылды. Филологиялық цикл оқытушыларыӨтегенова Г.М., ЖұматаеваҒ.А., Байменова Т.И. «Масленица» тақырыбы бойынша қызықты іс-шара өткізді.

Оқу орнының түрлі деңгейдегі ғылыми-әдістемелік сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру, дайындау және өткізу бойынша басты рөлді орындайтын әдістемелік қызметінің негзгі орындаушы буыны әдістемелік кабинет болып табылады. Жыл ішінде әдістемелік кабинетте тақырыптық көрмелер ресімделді:

- ішкі нормативтік құжаттардың;

- колледж студенттері мен педагогтерінің жетістіктері туралы альбомдар;

- өткізілген крнкурстар және «Кәсіпқойлар фестиавалі» онкүндігі туралы альбомдар;

- колледждің әдістемелік қызметінің ғылыми-теориялық негізі;

- «Үздік ЦӘК» конкурсының шеңберінде ЦӘК тақырыптық көрмелері;

- оқытушылар мен ө/о шеберлерінің жұмыс жүйесі;

- колледжішілік конкурстардың материалдары;

- ОҒҚ облыстық және колледждік ғылыми конференциялар жүлдегерлерініңғылыми жұмыстары;

- педагогтердің лицензияланған жұмыстары;

-презентациялық материал және тақырыптық педкеңестер, дөңгелек үстелдер, КӨМ, ІИМ, ПШМ сабақтарының қорытындылары;

- «Желтоқсан оқулары-2015» ҒПК және «Қайнар» ОҒҚ конференциясының шеңберінде орындалған студенттердің жұмыстар жинағы.

-түрлі деңгейдегі конференция материалдарының көрмесі;

- «Жыл шебері», «Үздік педагог» конкурсына қатысушы -оқытушылардың әдістемелік әзірлемелер көрмесі;

- техникалық шеберлік конкурсы және ашық есік күні шеңберінде білім алушылар жұмыстарының көрмесі.

Әдістемелік кабинетімен жыл ішінде құрылымдық бөлімше жетекшілері және тәжірибелі педагогтер өткізген оқу-әдістемелік және тәрбие бағыттындағы жоспар бойынша алты оқыту семинарын өткізу бойынша жұмыс ұйымдастырылды:

- «Теориялық оқыту журналдарын толтыру туралы» (ОЖ жөніндегі директордың орынб. Сачавская Т.Н., ТЖ жөніндегі директор орынбасарының м.а. Сенчева Л.А.);

- «КжДЖ ресімдеу» (оқытушылар: Фатхудинова И.В., Ширшова Л.Е., ОЖ жөніндегі директордың орынб. Сачавская Т.Н.);

- «Как сплотить коллектив? Микроклимат в группе» (оқытушылар: Кириллова Т.В., Болтушенко Г.П.);

- «ҚР Президентінің 30.11.2015 жылғы Қазақстан халқына жолдауы» (оқытушы:Киль П.П.);

- «Кәсіптік практикаларды ұйымдастыру және бақылау» (ӨЖ жөніндегі директор орынб. м.а. Щетина А.В.);

- «Білім беру процесіндегі инновациялық технологиялар» (ОӘЖ жөніндегі директордың орынб.Өтегенова Г.М., әдістемелік кабинет меңгерушісі Кононенко М.М.);

- «АКТ- педагогикалық табыстың қосылғыштары» (оқытушылар: Корсун Е.П., Ширшова Л.Е.);

- «Ата-аналар жиналысы: ата-аналармен жұмыс істеу нысандары және әдістері (ТЖ жөніндегі директор орынбасарының м.а., педагог-психолог Сенчева Л.А.);

- ««Ұлт жоспары- қазақстандық арманға жол» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мақаласы» (колледж директоры Будкевич Г.В.).

Сондай-ақ, «Үздік педагог», «Жыл шебері-2015» республикалық конкурстарына материалдарды және презентацияларды дайындауға,«Желтоқсан оқулары 2015» өңірлік ҒПК жұмыстар жинағын, М.Дулатов атындағы КИнЭУ ғылыми жұмыстар конкурсына жұмыстардықалыптастыруда, «Қайнар» ОҒҚ конференциясына, кәсіподақ-педагогикалық конференциясына материалдарды дайындауға, «Желтоқсан оқулары 2015» ҒПК және «Қайнар» ОҒҚ шеңберінде Өңірлік конференциясына электрондық сүйемелдеуді әзірлеуге, колледждің оқу-әдістемелік іс-шараларына арналған мадақтамаларды ресімдеуге, колледж қызметі туралы бейнефильмді дайындауға,ISBN Кітаптың нөмірін беруге авторлық құралдар мен материалдардың электрондық нұсқаларын ресімдеуге, колледж жетістіктері туралы альбомдар жасауда, пәндері бойынша кешенді олимпиаданы және Қазақстан тарихы және құқық негіздері бойынша облыстық олимпиаданы өткізуге, лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу сұрақтары бойынша колледждің ақпараттық стендін ресімдеуге, білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және т.б. көмек көрсетілді.

Инженерлік-педагогикалық ұжымның түрлі деңгейдегі ғылыми-әдістемелік іс-шараларға қатысқаны (конференцияларға, семинарларға, конкурстарға және т.б.) көрсетілген электрондық түрдегі он ақпараттық-әдістемелік хабаршысы құрастырылды. «Желтоқсан оқулары» альбомы әзірленді. Колледж түлектері туралы альбомды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ағымдағы оқу жылында колледж сайтын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша да жұмыс жалғастырылды. Сайтта жыл ішіндегі оқу орнының қызметі туралы, өткізілген іс-шаралар және педагогтер мен білім алушылардың жетістіктері туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат, лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу бойынша жадынамалар, ЭКСПО-2017 туралы презентация бар. Бірақ келесі оқу жылында сайтты домен кz жаңа талаптарын есепке алып әзірлеу керек.

Оқу орнының, циклдік комиссиялардың ақпараттық негізін қалыптастыру бойынша жұмыс жалғастырылуда. Бұл жұмыс тұрақты жетілдіруді және әрі қарай жүйелеуді талап етеді. Жыл бойы ЦӘК электронды портфолиосын және аттестатталатын педагогтердің электронды портфолиосын толықтыру бойынша жұмыс жүргізілді. Өткен жылдармен салыстырғанда ЦӘК электрондық кейстерінің мазмұнды жағының жақсарғанын айта кеткен жөн, төраймдар қажетті материалдарды жинау бойынша жұмыс жүргізеді, бірақ құжаттаманың қажетті топтамасы барлық ЦӘК бар деп айтуға болмайды. Электрондық кейстер мен ЦӘК жинақ папкалары жақсы деңгейде жүйеленген ЦӘК: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, филологиялықпәндер, жаратылыстану-ғылымипәндер, құрылыс пәндері, машиналар және жабдық. Қанағаттанарлық деңгейде - экономикалық пәндер және қызмет көрсету саласы ЦӘК. Төменгі деңгейде кен және электротехникалық пәндер ЦӘК материалдары. Қажетті материалдарды жинақтауда жүйелілік сақталмайды және материал комиссия мүшелерімен төрайымдарға толық көлемде берілмейді. Материалдардың төмен жинақталуы ӘКП және ЖҒП ЦӘК басқа барлық ЦӘК тәрбие кейсінде байқалады. ЦӘК нормативтік құжаттамасында мерзімі бойынша ескірген материал бар.Келесі аспектілерге назар аудару қажет:

· оқытушылар мен ө/о шеберлерінің электрондық материалын жүйелі түрде тақырыптық папкаларға (кейстерге) жинау;

· материалды ресімдеуді бірыңғай стильде жүзеге асыру (түсі, стилі, кәріпі, екі тілдік және т.б.);

· материалдарды бекіту және қарау күндерін көрсету (ЦӘК отырысы хаттамасының нөмірі);

· электрондық папкаларды барлық ЦӘК мүшелерімен толтыру (жинақталуы ОӘК бойынша жадынамаға сәйкес болуы тиіс).

· ЦӘК жылдық жұмыс жоспарына педагогтердің жұмыс тәжірибесін жалпылау, баспа қызметі және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу бойынша іс-шараларды енгізу.

· ЦӘК төрайымдарына атқарушылық тәртіпке назар аудару.

· ЦӘК мүшелері төрайымдарға электрондық кейстер мен жинақтау папкаларына қажетті материалдарды уақытында тапсыру.

Дәстүрлі түрде бірнеше жыл қатарымен циклдік әдістемелік комиссия төрайымдарымен семинар-кеңестер өткізіледі. Жұмыстың негізгі түрі- жұмыс отырысы. ЦӘК қызметін бақылау және түзету үшін хаттамалар жүргізіледі. Осы жылы конкурстық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ЦӘК шеңберінде оқу сабақтарына өзара қатысу, тәлімгерлік қызметі, пәндер және жеке мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік кешендердің күйі, ЦӘК-ң электрондық және қағаз кейстерінің толтырылуы, аттестатталатын кадрлармен жұмыс және т.б. сұрақтар талқылынған 6 отырыс өткізілді.

Оқу сабақтарына бару - бақылау-түзету қызметін орындауды қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыстың негізгі бөлігі.

Жыл ішінде 518 оқу сабағына барылды. Соның ішінде әкімшілік бақылау шеңберінде192 бару және 332 педагогтердің өзара қатысу шеңберінде. Соның ішінде ЦӘК төраймдарымен 80 сабаққа бару, бұл өткен жылға қарағанда 20 сабаққа артық және 28 дәрісханадан тыс іс-шараларға қатысты. Колледж педагогтері 218 дәрісханадан тыс іс-шараларға қатысты.Өткен жылмен салыстырғанда қатысулар саны артты. Бірақ ағымдағы оқу жылының ішінде ЦӘК төрайымдарының ЦӘК мүшелерінің сабақтарына қатысуда селқостық байқалады.

Біліктілікті арттыру курстары- білім беру процесінің ажыратылмас бөлігі.Биыл Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ курстық дайындықтан өткен педагогтер саны 4 адам (оқытушылар Сачавская Т.Н., Сотникова Е.В., Корсун Е.П. және кітапханашы Ремезова З.А.). Республикалық деңгейдегі біліктілікті арттыру курстары -1 (Потянов Н.Г.). ҚР БҒМ атынан «New Nechnologies Compani»ЖШС негізінде -1 (Харьковская Н.П.). «Start» Қостанай Академиялық орталығы атынан -1 (Байменова Т.И.). 3 адам кәсіпорында тағылымдамадан өтті (Корсун Е.П., Құшманов Д.Х., Мартынюк С.А.). Келесі жылы тағылымдама санын арттыру қажет.

Циклдік әдістемелік комиссия-педагогтердің біліктілігін арттыруымен жедел басқаруды қамтамасыз ететін, колледждің әдістемелік қызметінің негізгі құрылымдық бөлімшесі болып саналады. Ағымдағы оқу жылында алты ЦӘК жұмыс істеді:

- жаратылыстану-ғылыми пәндер;

- филологиялық пәндер;

- әлеуметтік-гуманитарлық пәндер;

- экономикалық пәндер мен қызмет көрсету саласы;

- құрылыс пәндері, машиналар және жабдық;

- кен және электротехникалық пәндер.

Әрбір ЦӘК колледждің әдістемелік тақырыбына сәйкес әдістемелік мәселесі бар, мақсаттары мен міндеттері белгіленген.Циклдік комиссиялар құрамы, шартты түрде берілген топтар шеңберінде нақты міндеттер орындайтын, шығармашылық функционалды топтарға бөлінген. Барлық ЦӘК электрондық тұсаукесер түрінде ресімделген жұмыс жүйесінің ғылыми-теориялық негізі қалыптастырылған. ЦӘК жұмыс жоспарының құрылымы колледждің жұмыс жоспарының құрылымына ұқсас.

Ағымдағы жылы барлық әдістемелік бірлестіктер белсенді жұмыс істеді, өйткені «Үздік ЦӘК» конкурсының нәтижелері олардың тәртіпке салынған жұмысына байланысты болды.

Әрбір оқытушының қызметі белгіленген критерийлер бойынша рейтинг жүйесі шеңберінде бағаланады, әрбір педагогтің педкадрлар қызметінің мониторингін қамтамасыз ететін әдістемелік (кәсіптік) төлқұжаты бар.

Әрбір қызметкердің педагогикалық қызметінің нәтижесі үш жыл бойына әдістемелік (кәсіптік) төлқұжатында бақыланып отырады, олар шын мәнінде педкадрлар қызметін рейтингтік бағалау нысаны болып саналып, мониторингті оқу орнының, циклдік әдістемелік комиссия деңгейінде өткізуге мүмкіндік береді.

Биыл педагогтер қызметін рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша физика оқытушысы Миниахметова Н.Г. жеңімпаз атанды. 4 негізгі блоктар бойынша жеңімпаздар анықталды:оқу жұмысы - Корсун Е.П.,оқу-өндірістік – Боранбаева К.Б.,ғылыми-әдістемелік жұмыс– Фатхудинова И.В., тәрбие жұмысы – Гибадетдинова Н.В.

ЦӘК арасында 2015-2016 оқу жылының рейтингінде жаратылыстану-ғылыми пәндер ЦӘК жеңімпаз атанды (төрайымы: Вайрих И.А.; 901,83 балл), 2-орын-филологиялық пәндер ЦӘК (төрайымы:Байтұрсынова А.Ж; 625,5 балл), 3-орын– құрылыс пәндері, машиналар және жабдық ЦӘК (төрайымы: Ширшова Л.Е.; 618,36 балл), 4-орын-кен және электротехникалық пәндер ЦӘК (төрайымы:Фатхудинова И.В.; 594,38 балл), 5-орын-әлеуметтік-гуманитарлық пәндер ЦӘК (төрайымы:Мурзакулова А.Қ.; 581,68 балл), 6-орын-экономикалық пәндер мен қызмет көрсету саласы (төрайымы:Гибадетдинова Н.В.; 581,38 балл). Ағымдағы жылдағы рейтингтің нәтижелерін талдай отыра ЦӘК мүшелеріне комиссиядағы өз жұмысының сапасына, комиссиядағы жұмысқа ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға, атқарушылықты тәртіпті жақсартуға және комиссия төрайымына көмек беруге назар аудару керек.Рейтингте жоғары нәтижелерге жеткен педагогтер мен ЦӘК тамыз педагогикалық кеңесінде мадақтамалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылы өткен оқу жылымен салыстырғанда барлық ЦӘК рейтинг көрсеткіштері жоғары болды. Бұл ең алдымен «Үздік ЦӘК» конкурсын өткізумен байланысты. Жалпы циклдік әдістемелік комиссиялардың жұмысын қанағаттанарлық деп тануға болады.

Циклік әдістемелік комиссиялардың жұмысын жетілдіру үшін тұжырымдар мен ұсыныстар

Алайда оқытушылармен ЖОБ және ТКЖ уақытында тапсырылмауы орын алды (ӘГП, КжЭП ЦӘК).

Филологиялық пәндер, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, құрылыс пәндері, машиналар және жабдық, кен және электротехникалық пәндер циклдік әдістемелік комиссия мүшелеріне келесі оқу жылында авторлық педагогикалық бастамаларын әзірлеуге және баспа қызметіне назар аудару; ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Төрайымдарға электрондық портфолионы үнемі толықтырып, жинақ папкаларындағы материалдарды жүйеге келтіріпотыру керек, тәрбиелік кейстің мазмұнды жағына ерекше көңіл бөлу қажет.

Кемшіліктерге қарамастан оқу орнында ғылыми-әдістемелік базаны жетілдіріп, арттыра түсуге қабілетті жоғары педагогикалық әлеуеті жеткілікті.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда айтылып кеткендердің негізінде колледждің даму Бағдарламасына сәйкес әдістемелік тақырыппен оқу процесінде инновациялық тәсілдер мен әдістерді пайдалану, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық-іздеу, ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тарту арқылы педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыретін арттыруға,педагогикалық және білім беру қызметін жетілдіруге бағыт алынған деп айтуға болады.

Оқу жылы ішінде үлкен жұмыс жасалғанына қарамастан, қызметтің көңіл бөлуді және әрі қарай жетілдіруді талап ететін бағыттары бар.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіру, ғылыми-педагогикалық әлеуеті және кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі инженерлік-педагогикалық ұжымды қалыптастыру мақсатында жаңа оқу жылында және кейінгі жылдары да:

- циклдік комиссиялар қызметін жетілдіру, атқарушылық тәртіпті жақсарту негізінде колледждегі құрылымдық ғылыми-әдістемелік жұмыстың қалыптасуын жалғастыру;

- қазіргі педагогикалық технологияларды енгізуді жалғастыру

- циклдік комиссиялар мәліметтерінің электрондық деректер базасын жинақтау (ЦӘК электрондық портфолиосы) бойынша әдістемелік кабинеттің жұмысын жалғастыру;

- авторлық инновациялық материалдарды әзірлеу бойынша жұмысты жеделдету және оларды ISBNкітап нөмірін беруге ұсыну;

- ЦӘК төрайымдарына жұмысқа деген көзқарастар мен механизмді жетілдіру, сабақтарға бару бойынша жұмысты жөнге салу.

Последние новости и мероприятия