Лисаков техникалық колледжі 1996 жылы орта кәсіптік техникалық училище негізінде құрылған. 2012 жылдың шілде айынан бастап коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның заңды мәртебесіне ие болды және білім беру қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік лицензиясы бар. Оқу орнында ағымдағы жылдан бастап 3бөлім жұмыс істейді: кен ісі және құрылыс бөлімі; экономика, информатика, автоматика, сервис және көлік бөлімі және сырттай оқу бөлімі.