07/12/2022  Сәрсенбі
1
Лисаков техникалық
колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  instagram  facebook youtube

2021 жылғы 12 наурызда колледжде "Қазақстан алюминийі" АҚ КБКБ филиалының директоры Манарбек Рахымұлымен және HR бизнес-серіктесі Дамир Саматұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында оқу зертханалары мен шеберханаларының материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Мтб-ны аралағаннан кейін дөңгелек үстелде диалог өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына колледж директоры Александр Викторович, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Закировна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Надежда Павловна, қатысты.

Талқыланған мәселелер барысында колледж бен кәсіпорынның мәселелері айтылды, колледждің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуі және КБКБ кәсіпорнының кадрлық саясаты бойынша мәселелерін шешудің сындарлы жолдары қабылданды, ынтымақтастықтың одан әрі іс-қимылдары белгіленді.