18.06.2021 колледжде Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қарастырылды: колледждің оқу кабинеттері мен зертханаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алу үшін әлеуметтік серіктестік мүмкіндіктерін кеңейту; 2021 жылы талапкерлерді қабылдау ережелеріндегі өзгерістер; түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді ұйымдастырудағы мүмкіндіктерді қарау, сондай-ақ Қамқоршылық кеңес құрамындағы өзгерістерге қатысты мәселелер.